Bugin

Қостанайдағы төрт мектепке Абай мен тағы бес алашордалықтардың есімі берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында төрт мектепке қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, тағы бес мектепке Алаш Орда көшбасшыларының есімі берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Келесі білім беру ұйымдарына бекітілсін:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №29 жалпы білім беретін мектебі» КММ Әлихан Бөкейхан есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ Ахмет Байтұрсынұлы есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ Міржақып Дулатұлы есімі», – делінген үкімет қаулысында.

Сондай-ақ, Министрлер Кабинеті келесі білім беру ұйымдарын қайта атауға қаулы етті:

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданының білім беру бөлімінің Н. Крупская атындағы негізгі орта мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданының білім беру бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ;

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Родин жалпы білім беретін мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі.